Трамп: Иранда болуы мүмкін ең жақсы нәрсе – режимнің ауысуы
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда болуы мүмкін ең жақсы нәрсе – режимнің ауысуы деп мәлімдеді. Тегеран мен Вашингтон арасындағы жағдай ушыққан шақта АҚШ президенті Таяу Шығысқа тағы бір ұшақ тасымалдаушы кеме жіберілгенін растады.
Солтүстік Каролина штатындағы әскери базаға барған кезде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп Иран туралы да айтты.
"47 жыл бойы тек сөйлеп келе жатыр. Осы әңгіме кезінде талай азаматынан да айырылды" деді Трамп. Ол осылайша 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі...