Арал бассейнінде мұнай мен газ қоры бар 20 алаң анықталды
Қазақстанда геологиялық зерттеу жұмыстары халықаралық стандарттарға сай жаңа деңгейге көшті. Ел аумағын зерттеу ауқымы 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев хабарлады.
Оның айтуынша, 2025 жылы іздеу жұмыстарына арналған 29 әлеуетті алаң анықталды. Оларға алтын, мыс, қорғасын, мырыш және басқа пайдалы қазбалар жатады.