ҰҚК-ге жаңа өкілеттік берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) жаңа өкілеттіктер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы ҰҚК туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Құжат дерегінше, ведомствоның ақпараттық қауіпсіздік және аса маңызды инфрақұрылымды бақылау салаларында өкілеттігі кеңейеді.
Не өзгерді?
Жарлыққа сәйкес, ҰҚК туралы ереженің 1-тармағының жаңа редакциясы бекітілді. Енді комитет Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін...