Түркістан: Созақ ауданы алғаш рет табиғи газ желісіне қосылып, тұрғындар “көгілдір отынмен“ қамтылды
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілерін іске қосу салтанатына қатысты. Облыс басшысы аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтап, бұл күннің айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Өйткені тарихта тұңғыш рет Созақ ауданына табиғи газ беріліп отыр.
"Бүгін Сіздермен қарт Қаратаудың баурайындағы Созақ ауданында тарихи сәтте жолығып тұрмыз. Тарихи дейтін себебіміз – Шолаққорған ауылында табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылып...