Маңғыстау облысында бір зауыттың ондаған жұмысшысы қысқаруға ұшырады
Маңғыстау облысында шыны талшықты құбыр шығаратын зауыттың 80 шақты жұмысшысы қысқартылатыны туралы хабарлама алғандарын айтып, талаптарын жеткізді. Бұл жөнінде Lada.kz жазды.
"Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы жергілікті аумақтан, қызметкерлердің тәжірибесі – 20 жыл және одан да көп. Бәрінің отбасы, үш, одан да көп баласы бар, несиелері бар. Қазір инфляция сұмдық. Қазіргі кезде қысқаруға ұшырайық деп жатырмыз. Отбасымызды қалай асыраймыз, қарызды қалай төлейміз? Біз "Маңғыстаумұнайгаздың" құрамына қосылып...