Елдің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, жұма күні Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
13 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыс желі соғады, түнде батысында және оңтүстігінде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыс және шығыс желі соғып, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады.