Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляция: сот шешімі қандай?
Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
12 ақпанда апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін күшінде қалдырды. Осылайша Хасан Қасымбаев бұған дейін тағайындалған жазаны, яғни 12 жыл жазасын өтейді.
Бұл іс бойынша қалған сотталушылардың да үкімі өзгеріссіз қалды.
Хасан Қасымбаев қазір қайда?
Айта кетейік, апелляция қарау кезінде сотталушылар сот залына қатыстырылған жоқ.