Президент терроризмге қарсы бөлімшелерді халықаралық жарыста үздік атануымен құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.
Бұл туралы өзінің Telegram парақшасында ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр жазды.
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі...