Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне Әділет Оразбековті тағайындады.
Әділет Оразбеков 1978 жылы туған. Қырғызстан халықаралық университетін "Дипломатия және халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған қоса, Ресей ФСБ академиясында оқыған. Әскери шені бар.
Кәсіби қызметін ұлттық қауіпсіздік органдарында бастаған, 15 жылдан астам уақыт қызмет істеп, лауазымды міндеттерді де атқарған. Әр жылдары конституциялық құрылысты қорғау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары болған...