Ер адамдарға жатыр мойны обырына скрининг жасалған: Қаржы министрлігі қаражатқа қатысты жауап берді
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков медициналық сақтандыру қорынан жалған медициналық қызметтерге жұмсалған қаражатқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, қазір қорға қатысты мемлекеттік аудит жүргізіліп жатыр, соның аясында жалған қызметтерге төлем жасау деректері де тексеріліп жатыр.
"Қордың қызметіне қатысты мемлекеттік аудит енді ғана басталды. Бұған дейін анықталған және қазір анықталып жатқан жағдайларды құқық қорғау органдары өз бетінше тергеп жатыр.