Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол апаты ісін қарайтын күнді белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді.
"Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталушы Рахмонова Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық іс қабылдансын. Іс бойынша алдын ала тыңдау 2026...