“Нашар оқитын оқушы сияқтысыз“. Депутат мұнай компаниясының директорын сөкті
Депутат Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньченді сынға алды. Бұл жағдай Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" АҚ бас директоры Лю Цзиньченнен компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады.
Бұл сауалға бас директордың орынбасары жауап беруге тырысты, бірақ депутат қарсылық білдірді:
"Жоқ, өзі жауап берсін.