«Астана» командасының шабандозы Оман турын жеңіп алды
Қазақстандық XDS Astana Team командасының италиялық велошабандозы Кристиан Скарони Оман турының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Низва – Джабаль әл-Ахдар (Green Mountain) бағыты бойынша өткен 155,9 шақырымдық бесінші кезең Скарони үшін сәтті болды. Ол қашықтықты 3:23:19 уақыт көрсеткішімен бағындырды.
Оның командаласы, испаниялық Кристиан Родригес Мартин екінші болып мәреге жетті. Үшінші орынды Team Jayco Alula сапындағы австралиялық Лукас Плапп иеленді.
Осы нәтижесінің...