Жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Айдос Сарым
Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға шығаруға толық дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.
Айдос Сарымның айтуынша, жаңа Конституцияны дайындау барысында бірқатар маңызды серпінді қадамдар жасалды.
«Бірлесе және үйлесімді атқарылған жұмыстың арқасында қажетті құқықтық нормалар мен тұжырымдарды таба алдық.