Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қояды
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысына комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.