Астанада аяз күшейеді, ал Алматыда қалың қар жауады
Синоптиктер 12–14 ақпан күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана бойынша болжам
12 ақпан: Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 9–14 м/с, күндіз 2–7 м/с. Температура: түнде -24…-26°, күндіз -16…-18°.
13 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с. Температура: түнде -25…-27°, күндіз -12…-14°.
14 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с.