Алматыда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды
11 ақпанда Алматыда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шарасы өтті. Шараны отбасы ұйымдастырды. Оған саясаткердің әріптестері, достары мен қоғам қайраткерлері, белсенділер қатысты.
Мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев саясаткерге жасалған қастандықтан бері қаншама жыл өтсе де, шындық жабулы қазан жабулы күйде қалғанын айтты.
"Ең басында біз, Алтекеңнің серіктестері, бұл саяси террор деп айтқанбыз. Сол баға осы күнге дейін орнында. Ол тек режимнің қанды қылмысы емес, сол режимді басқарған адамның қанды қылмысы.