Бас прокуратура Нығматулиндер ісіне қатысты түсініктеме берді
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Нығматулиндер әулетіндегі үш адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Мәселе – мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин, экс-спикердің егіз бауыры Ерлан Нығматулин және ұлы Нұржан Нұрланов жөнінде болып отыр.
"Арғын Нығматулинге қатысты іздеу жарияланды. Бұл Қарағанды облысындағы хоккей клубына бөлінген қаражаттың жымқырылуына қатысты. Ерлан Нығматулинге қатысты да тергеу жүріп жатыр. Нұржан Нұрлановқа да қатысты тергеу жүріп жатыр.