Айдос Үкібай: Сара Назарбаева ауыр инфарктен кейін ауруханадан шығарылды
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева ауыр инфарктен кейін емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл жөнінде бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Оның сөзінше, Сара Назарбаева былтыр сәуірден бері президент пс басқармасы медициналық орталығының Алматы қаласындағы ұлттық госпиталінде емделген.
"Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын...