Шайдоров басты қарсыластарынан он ұпай қалып тұрса да, "негізгі бағдарламада барын салмақ"
Милан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін Қазақстан үміт артқан Михаил Шайдоров әзірге бесінші орында келеді.
ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ
Қысқа бағдарламада Шайдоров 92,94 ұпай алды. Ол төрт айналым лутц+үш айналым тулуп каскадында сәл қателік жіберіп алды. Кейін үш айналым аксель мен төрт айналым тулупты қатесіз секірді.
Ал бірінші орында екі дүркін әлем чемпионы америкалық Илья Малинин тұр. Ол мәнерлеп сырғанаудағы қиын элементтердің...