Шорт-трекшілерге Канада, Қытай, Корея сынды елдермен бәсекелесу қиын болып тұр
Миландағы олимпиадада шорт-трек жарысы басталды. Қазақстан құрамасы аралас эстафетада жартылай финалға шыға алмады. Құрама мүшесі Абзал Әжғалиев әлемде бәсеке өсіп жатқанын, Қазақстан командасына ішкі бәсеке керегін айтады.
АРАЛАС ЭСТАФЕТАДАҒЫ СӘТСІЗДІКАралас эстафетаға іріктеуден өткен 12 ел қатысып, Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова) ширек финалда Канада, Қытай, Бельгиямен бір топта сынға түсті. Төреші старт белгісін берген сәтте Канада алға суырылып шыққан.