"Еркіндік қанаты" қорын Конституция жобасы жедел қаралып жатқаны алаңдатады
Қазақстандық "Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры конституциялық реформа жөніндегі комиссияға жолдаған үндеуде негізгі заңға енгізілмек өзгерістерді қарау қарқынына алаңдап отырғанын айтқан. Үндеу авторлары президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, елде бір палаталы парламент институтын енгізуге байланысты жекелеген түзетулер ғана емес, іс жүзінде Конституцияның жаңа редакциясы талқыланып жатқанына назар аударған.
Үндеуде конституциялық өзгерістердің іргелі сипаты мен олардың құқықтық жүйеге ұзақ мерзімді ықпалын ескеріп...