«Келісіп пішкен тон»: Халық кеңесі не үшін керек?
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына Халық кеңесін құруды ұсынған болатын. Қазір елде жаңа саяси институттың қызметі мен құрылымы нақтылануда. Әсіресе аталған мәселе жаңа Ата заңда қалай бекітілетіні туралы сұрақ көптің көкейінде жүр. Осы орайда Kazinform-ның аналитикалық шолушысы Халық кеңесінің жай-жапсарын сарапшылардан сұрап білді.
Жаңа диалог алаңы
Бұған дейін халықтың ұсыныс-пікірін жинатын, арнайы талқыға салатын бірнеше саяси алаң бар-тын.