Куба өзіндегі авиация отыны таусылуға таяғанын мәлімдеді
9 ақпан күні Куба үкіметі елге қатынайтын халықаралық әуе компанияларын аралда авиация отыны сейсенбіде толық таусылады деп ескертті. Гаванадағы билік жолдаған хабарламада елде кемінде бір ай – 11 наурызға дейін ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету мүмкін болмайтыны айтылған. Ал содан екі күн бұрын, билік өкілдері елдегі қазіргі отын тапшылығы әуе қатынасына әсер етпейді деп мәлімдеген еді.
Кейінгі жылдары Куба авиация жанармайымен қамтамасыз ету мәселесінде Николас Мадуро басқарған Венесуэлаға сүйеп келген.