Таразда екі баласын үйдің бесінші қабатынан лақтырған әйел қамалды
Тараз қаласында бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен 3 жасар ұлы мен 5 жасар қызын лақтырып жіберген 36 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйеніп жергілікті басылымдар хабарлады.
Әйел екі баласын бірінен соң бірін лақтырып, артынан өзі де секірмекші болған.
Қыз баланың бас сүйегі мен миына қатты зақым келіп, жамбасы сынған, кішкентай ұл да басынан қатты жарақат алған, сүйектері сынған, оларға ота жасалған деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.