Жапониядағы сайлау: премьер Санаэ Такаитидің жақтастары жеңіп жатыр
Жапонияда парламент сайлауында премьер-министр Санаэ Такаитидің жақтастары жеңіп жатыр. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде жиналған сауалнама қорытындысына сүйенген Жапонияның NHK қоғамдық телеарнасы дауыс беру аяқталғаннан кейін осылай деп хабарлады.
Болжам бойынша, премьер Такаитидің либералдық-демократиялық партиясы 465 орындық парламенттің төменгі палатасынан 274-328 аралығында орын алуы мүмкін. Ал парламентте басымдыққа ие болу үшін 233 орын керек. Сайлаудың алдын ала қорытындысы жақын арада жарияланады.