Тәжікстан Қытай азаматтарымен визасыз режим енгізбек
Тәжікстан Қытай азаматтарымен визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Душанбедегі баспасөз жиыны кезінде туризмді дамыту комитетінің төрағасы Жәмшет Жұмахонзода мәлімдеді.
Оның сөзінше, мәселе қарастырылып жатыр. "Бұл жақсы нәтиже береді деген үміттемін" деді ол.
Оның айтуынша, визасыз режим – туристерді елге тарту амалдарының бірі.
"Тәжікстан үшін негізгі туристік нарық бұл араб елдері, Англия, Германия, Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея, бұл елдердің азаматтары демалыс пен саяхатқа...