Қазақстандық журналистер Тоқаевтан Конституцияның 20-бабын сақтап қалуды сұрады
Қазақстандық журналистер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргі Конституцияның 20-бабын сақтап, оны жаңа Конституция жобасындағы 23-баппен алмастырмауды сұрады.
Құқықтық медиа орталығы үкіметтік емес ұйымы бұл өтінішті елдегі журналистер қауымдастығы атынан жасап отырғанын айтқан.
"Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау аясында журналистік қауымдастық сөз бостандығына қатысты өз ұстанымын ашық білдіруді маңызды деп санайды. Әңгіме медиа тәуелсіздігіне, қоғамдық пікірталастың сапасына...