Трамп Ресеймен арада стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту шартының орнына өзге келісім болатынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арада жасалған Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шартты (СНВ-III) ұзартпайтынын растады. Шарттың мерзімі биыл 5 ақпанда аяқталды.
АҚШ пен Ресейдің ядролық қару-жарағының көлемін шектеу туралы СНВ-III шартына 2010 жылы Прагада сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев қол қойып, құжат 2011 жылы күшіне енген.
Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған постында Трамп ескі шартты ұзартудың орнына "жаңа, жақсырақ әрі жетілдірілген шарт" жасасуға шақырды.