Қысқы Азиада аяқ астынан неге Алматыда өтпек? Сауд Арабиясы неге бас тартты?
Сонымен 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтетін болды. Қысқы Азиаданы өткізетін ел тапшы болып жатқан тұста Азия олимпиада кеңесі (АОК) бұл жарысты Қазақстанға тапсырды.
2029 жылғы қысқы Азиада Сауд Арабиясының жаңадан салынып жатқан Неом қаласында өтуі керек еді. АОК 2029 жылғы Азиаданы әлі салынып бітпеген Неом қаласына 2022 жылы тапсырған. Бірақ қаңтарда АОК Сауд Арабиясы қысқы Азиаданы өткізе алмайтынын мәлімдеді. Ал 5 ақпанда Миланда (Италия) Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің...