Конституциялық комиссия отырысында даулы бап талқыланбады
5 ақпан күнгі конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 8-отырысында тіл мәселесі айтылғанмен қоғамда қызу талқыланып жатқан даулы 9-бап жөнінде ештеңе айтылмады. Тілге қатысты баяндама жасағандар негізінен бұрынғы Конституция мәтінінің тілі күрделі, аударма болғаны, калька көп болғанын тілге тиек етті.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституция жобасы "кейбіреулер айтып жүргендей бір-екі аптада емес" – жарты жылға жуық уақыт бойы әзірленгенін, азаматтардан көп ұсыныс түскенін, әрбір ұсыныс мұқият қаралғанын атап өтті.