Қазақстан Пәкістанмен сауда көлемін 1 млрд долларға ұлғайтпақ
Қазақстан Пәкістанмен арадағы сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадқа мемлекеттік сапары кезінде мәлім етті.
– Қазақстанда Пәкістан капиталының үлесі бар 200-ден астам компания құрылыс, ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, индустрия және басқа да көптеген салада жұмыс істейді. Осы оң үрдіске арқа сүйей отырып, екіжақты сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздейтін өршіл мақсат қойдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев...