Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр
Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда логистика және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау мәселесі де талқыланған болатын. Қазақстан Еуразиядағы алдыңғы қатарлы авиациялық хабқа айналу мұратына қалай жете алады? Kazinform тілшіcі осы мәселеге қатысты сарапшылар пікірін сұрап білді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның әлі күнге Еуразиядағы авиациялық хаб бола алмай отырғанын өрескел олқылық деген еді.
Бұған дейін Үкіметке авиация, соның ішінде жүк тасымалдайтын авиация...