Қазақстан Моңғолияға тауарларды кедендік бажсыз экспорттайды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі ратификацияланды.
— Сіздердің қарауларыңызға «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылды. Келісім ЕЭАО елдері мен Моңғолия арасында 367 тауарларға қатысты импорттық кедендік баждарды жоюды көздейді. Келісім 3 жылға жасалады және тағы 3 жылға автоматты түрде ұзартылады...