Қазақстандағы базарларда танымал брендтердің контрафакт өнімдері сатылған
Қазақстандағы базарларда танымал брендтердің контрафакт өнімдері сатылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қанша дерек тіркелді?
Әділет министрлігінің дерегіне сәйкес 2025 жылы тәркіленген контрафакт өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есеге артқан.
«Мәселенің тағы бір алаңдатарлық қыры — шекара қауіпсіздігімен тығыз байланысы. Шекара қызметінің мәліметінше, жылдың алғашқы айының өзінде шекарада 3 026 құқықбұзушылық тіркелген», — деді ол.