Өскеменде тұман сейілгенімен, ауа сапасы әлі де талапқа сай емес
Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай аяқталғанымен, қаладағы ауа сапасы әлі де көңіл көншітпей отыр.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы 3 ақпандағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтерді жария етті. Желсіз күндер аяқталғанына қарамастан ауа құрамында бірқатар ластаушы заттар бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кету фактісі тіркеліп отыр.
— Ең жоғары көрсеткіш көміртек тотығына тиесілі. Оның концентрациясы нормадан 2,5 есе асқан. Сондай-ақ күкірт диоксиді бойынша ...