Иран кемелері Ормуз бұғазында АҚШ танкерін ұстамақ болды
Иранның қарулы алты кемесі 3 ақпанда таңертең Ормуз бұғазы арқылы Оманның солтүстігіне қарай бағыт алған АҚШ туымен жүрген танкерге жақындады. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Reuters және The Wall Street Journal жазды.
Басылымның жазуынша, Иран әскері экипаждан қозғалтқышты өшіруді талап етіп, танкерге кірмек болған. Алайда танкер жылдамдықты көбейтіп, жылжи берген. Кейін танкерге АҚШ әскери кемесі барып, қолдау көрсеткен.
Иран шенеуніктеріне сүйенген Fars агенттігінің хабарлауынша, кеме Иранның территориялық суына кіріп...