Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі басшысы Әсет Ерғалиев президент кеңесшісі болып тағайындалды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әсет Ерғалиевті өзіне кеңесші әрі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы етіп тағайындады. Бұл туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
39 жастағы Әсет Ерғалиев 2025 жылғы ақпаннан бері қайтадан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін басқарып келеді. Оған дейін әр жылдары Қазақстанның ұлттық экономика министрі, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, Қазақстан Республикасының...