Тәжікстандағы аудан тұрғындары қажыға баруға деп жинаған ақшаны ауылдарын дамытуға жұмсаған
Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына қарасты Шахристан ауданында шамамен 100 тұрғын қажыға баруға деп жинаған жиынтығы 3 миллион сомониден астам (320 мың АҚШ долларынан көп) қаражатты өз ауылдарын абаттандыру мен дамытуға жұмсаған. Бұл туралы аудан әкімі Рабим Ғафурзода баспасөз мәслихатында хабарлады.
"Бұл – имамдармен бірлесіп жүргізген идеологиялық жұмысымыздың нәтижесі. Бұл мәжбүрлеу емес. Біз ешкімге умраға барма немесе 15 мың сомони (шамамен 1600 доллар) садақа бер деп айтқан жоқпыз.