"Перзентханадан күтіп аламын". Жалғызбасты аналарға көмектесетін бастама қалай танылды?
Қазақстанда әйелдер жалғызбасты аналарды қолдайтын қозғалыс құрды. Еріктілер қиын жағдайға түскен, перзентханадан шыққанда қарсы алатын ешкімі жоқ аналарды күтіп алып, жаялық, балалар киімі сияқты қажет заттармен қамтамасыз етіп, үйлеріне жеткізеді. Ал барар жері жоқ әйелдерге қонатын орын тауып береді. Бұл бастаманы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Беларусьте де әйелдер жалғастырып жатыр.
ҚОЛДАУ
Астаналық кәсіпкер Әйгерім Бижігітова қазір жас ана мен оның нәрестесіне күтім жасап жүр. Жуырда босанған әйелге құнарлы сорпа әзірлеп...