Жаңа Конституция жобасы: Алматыда бір адам әкімшілік жауапқа тартылды
31 қаңтарда Алматы әкімшілік соты "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғыны Марат Әбдірахмановты кінәлі деп танып, 86 500 теңге (қазіргі доллар бағамы бойынша $170) көлемінде айыппұл салды. Оған Әкімшілік кодекстің 256-2 бабы бойынша айып тағылған.
Сот шешімінде Әбдірахманов Facebook желісінде пост жариялап, "жалған ақпарат таратқаны" жазылған және сол жазбадан да үзінді келтірілген:
"Жаңа Конституция жобасын оқыдым. Не нәрсе түбегейлі өзгереді? Жерімізді шетелдіктерге сатуға қойылған тыйым алынып тасталады!