Тоқаевтың "7 трлн теңге" жайлы сөзінен кейін тексеріс басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық банктердің бірі 7 трлн теңгеден аса қаржыны шетелге заңсыз "жөнелткені" жайлы сөзінен кейін тексеріс басталды. Бұл жөнінде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сүйенген ҚазТАГ жазды.
"Аталған мәселені қарастыру үшін бірқатар банктің трансшекаралық операцияларын бекітілген тәртіп бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан ұлттық банкі, қаржы мониторинг агенттігінің қатысуымен тексеру басталды" деп жазылған ведомствоның ҚазТАГ-қа берген жауабында.