Тоқаев: енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек
30 қаңтарда еріктілер форумы кезінде сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық комиссияның отырыстарын мұқият қадағалап отырғанын алға тартып, "көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныстар" айтылғанын жеткізді.
"Егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін" деді Тоқаев.
Оның сөзінше...