Жаңа Конституцияға өлім жазасына тыйым салу нормасын енгізу ұсынылды
Қазақстанда өлім жазасына тыйым салуды және адамның өмір сүруге деген құқығын жаңа Конституцияға енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс 29 қаңтарда Конституциялық комиссияның отырысында айтылды.
Бұл ұсынысты жасаған депутат, комиссия мүшесі Сергей Пономарёв "адамның өмір сүруге құқығы – жоғарғы құндылық, құқық пен еркіндің іргетасы" деді.
Депутаттың бұл ұсынысын адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қолдап, өмір сүруге құқықты Конституцияға бекіту керек деп мәлімдеді.
"Өмір сүру құқығы – әр адамның ажырамас әрі абсолютті хақысы.