Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылды
2025 жылы Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 15 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев әкімдік мәжілісінде хабарлады.
Өткен жылы өңірдің асыраушы саласы – ауыл шаруашылығын дамытуға 46,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік қолдау аясында 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 32,6 млрд теңгеден астам субсидия төленді. Сонымен қатар қаржы институттары мен...