АҚШ конгрессмені Қазақстан билігін "Атажұрт" белсенділерін босатуға үндеді
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Джеймс Макговерн Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының 19 мүшесін дереу босатуға үндеді. Ол мұны Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовқа жолдаған хатында мәлімдеді.
"Қазақстан үкіметін "Атажұрт" белсенділеріне қатысты қылмыстық айыптарды алып тастауға, осы іс аясында қамауда немесе үйқамақта отырған барлық адамдарды дереу босатуға, сондай-ақ Қазақстан заңдарының бейбіт пікір білдіруге немесе заңды адам құқықтарын қорғау қызметіне қарсы жазалау...