Прокуратура Әсет Матаевты үйқамаққа алу туралы өтінішін кері қайтарды
Прокуратура Әсет Матаевты үйқамаққа алу туралы өтінішін кері қайтарды. Бұл жөнінде ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың адвокаты Елена Жигаленок хабарлады.
"Кеше прокуратура үйқамаққа алу туралы өтінішті кері қайтарды! Қазір ғана полиция департаментінен шықтық, Әсет Матаев ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойды. Әрі қарайғы жоспар – өзіміз заңсыз әрі негізсіз деп санайтын 274 және 254-баптарымен қылмыстық қудалаумен күрес" деп жазды адвокат Елена Жигаленок әлеуметтік желіде.