Қазақстандық өнім Қытайдан жете ме?
Қарағандының Саран қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан QazTehna зауыты мемлекеттен берілген бірқатар жеңілдік пайдаланады. Есесіне елде өндіріс көлемін арттыру міндетін мойнына алған. Әйткенмен жылына 1500 көлік құрастыратын зауыт автомобиль бөлшектерін түгел Қытайдан әкеледі.