Былтыр 16,8 мыңға жуық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 1991 жылдан бері Қазақстанға өзге мемлекеттерде жүрген 1 млн 164,8 мың қазақ оралған.
Былтыр Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы – Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден келген.
Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қаңтар күнгі мәлімет бойынша...