Сарбаздардың өлімінен кейін министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстан қорғаныс министрлігі бірнеше сарбаздың өлімінен кейін мәлімдеме жасады.
Ведомство өкілдері 28 қаңтар күнгі мәлімдемесінде қайғылы оқиғалардың “барынша ауыр екенін және өздерінің жауапкершілігін терең түсінетінін” жеткізген. Осы оқиғалардан кейін әскери тәртіпті бақылау күшейтіліп, қару-жарақты пайдалануға қатысты жарғылық талаптар қатаңдатылған.
Әскери бөлімдерге жеке құрамды кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссия жіберілген. Әскери полиция әскери бөлімдерде жан-жақты тексерулер ұйымдастырып...